Барыс жылының басында барысқа тән мінез көрсеткендеріңізді қолдаймын - Дулат ИСАБЕКОВ

1581
Adyrna.kz Telegram

Қазақ әдебиетінің классигі, ақсақалымыз Дулат ағаның жан дауысы:

Қымбатты жаңаөзендіктер, Маңғыстау мұнайшылары!

Сіздердің талаптарыңызды өте орынды деп есептеймін. Газдың үстінде отырып газ қымбаттаса, мұнайға шомылып отырып жанармай қымбаттаса, қамба толы астықтың үстінде отырып нан қымбаттаса, халық наразы болмағанда қайтпек?

Барыс жылының басында барысқа тән мінез көрсеткендеріңізді қолдаймын. Тек, араларыңызға арандатушылар араласып кетпесін, содан сақ болғайсыздар.

Біздің үкімет өзін "еститін үкімет" деп жариялады ғой. Естіп, көріп отырған шығар бәрін. "Халық жазушылары мен халық артистері" халықтың жағында болатын шығар деп сенемін.

Әділдікті талап ету жолындағы наразылыққа билік бұл жолы күш көрсете қоймас. Тек, арандатушылықтардан сақ болғайсыздар!

Құрметпен, Дулат Исабеков.

Пікірлер