ҚТЖ қазақстандықтарға теміржол көлігі нысандарына мұқият болуын сұрайды

2339
Adyrna.kz Telegram

Теміржолда балалардың қатысуымен қайғылы жағдайлар жиілеп кеттісоңғы үш күнде екі жасөспірім қайтыс болды.

Мәселен, ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында Тараз станциясында пойыз вагонында селфи жасау әрекеті кезінде 15 жастағы жасөспірім түйіспелі сымдағы токтан қаза тапты.

Осыған ұқсас оқиға бүгін, ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Алматы станциясындағы қабылдау-жөнелту паркінде орын алды. Селфи жасаған екі жасөспірім жоғары кернеулі ток разрядын алды. Олардың бірі сол жерде қайтыс болды. Аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қазақстандықтарға теміржол көлігі нысандарында мұқият болуды және өз өмірлеріне қауіп төндірмеуді сұрайды.

Теміржол көлігіжеке қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды қажет ететін қауіпті аймақ. Жаяу жүргіншілер көпірлерін, төсемдерді пайдалана отырып, жақындап келе жатқан пойыздың жоқтығына көз жеткізіп барып, белгіленген орындардан темір жолдарын кесіп өту қажет. Теміржолдарда, пойыз вагондарында фото және бейне түсірмеңіз. Жоғары кернеулі сымдардың жанында, перрондарда, сүріну оңай қауіпті жерлерде суретке түсуге қатаң тыйым салынады. Ешқандай да керемет кадр денсаулығыңызғанемесе өміріңізге татымайды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Пікірлер