Үшінші мегаполисте спорт саласының 2021 жылы жеткен 7 жетістігі

394

1. 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында Жапония елінің астанасы Токио қаласында өткен XXXII-жазғы Олимпиада ойындарына Шымкент қаласынан 11 спортшы қатысып Қазақстан спортының қоржынына 2 қола медаль алып келді. Төрт жылда бір рет өтетін ойындардың жүлдегерлері-каратэшілер Софья Берульцева мен Дархан Асадилов.

2. Шымкенттік спортшылар 2021 жылы өткен құрлықтық әлем чемпионаттарында және Азия чемпионаттарында 23 олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 170 медаль жеңіп алды. Оның ішінде, ересектер, жасөспірімдер және ұлдар санаты бойынша Әлем чемпионаттарында 36 алтын, 29 күміс және 23 қола медаль. Азия чемпионаттарында 37 Алтын, 30 күміс, 15 қола медаль бар.

3. Оңтүстік мегаполистен Қазақстан ұлттық құрама командасының құрамына 885 спортшы кіреді, оның ішінде ересектер – 416, жастар құрамы – 268, жасөспірімдер құрамы – 201 спортшы.
Сонымен қатар, биылғы жылы Софья Берульцева (каратэ), Дархан Асадилов (каратэ), Калдар Қасымбаев (джиу-джитсу), Сабырхан Махмуд (бокс), Арли Чонтей (ауыр атлетика) шымкенттік спортшылар «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын иеленсе, Бақыт Шадиев (әйелдер күресі), Бяшир Алыков (каратэ), Ілияс Оралбеков (бокс), Мұрат Жұмабаев (әйелдер күресі) сынды жаттықтырушылар Олимпиада ойындарының, Әлем Чемпионаттарының жүлдегерлерін тәрбиелегені үшін «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие болды.

4. Шымқалада наурыз-тамыз айларында Қазақстан Республикасының V-жазғы жастар ойындары өтті. Олимпиадалық спорттың 33 түрінен өткен сайыста біздің құрама команда 1004 ұпаймен 2-орынды иеленді. Жеңімпаздарды Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы марапаттады.

5. Шымкент қаласында спорт секцияларында шұғылданушылардың санын арттыру үшін, тиісті инфрақұрылымды және қосымша жұмыс орындарын көбейту мақсатында, спорттық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасы іске асырылды. Жоба аясында 54 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтіп, 15 спорт түрі бойынша 12 474 баланы спорттық үйірмемен қамтамасыз етуде.

6. Шымкент қаласындағы спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында қала аумағындағы тұрғын алаптар мен шағын аудандарда 115 спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 14 алаңша демеушілер есебінен жүргізілді.
Қалған 101 спорт алаңшасының құрылысына бюджеттен 2 060,0 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды.

7. Шымкент қаласында 2021 жылы басталған 4 спорт нысанының құрлысы қарқынды жүргізілуде. Құрлыс нысандары 2022 жылға өтпелі. Атап айтқанда:
- Жалпы құны 3 019 840,6 мың теңгені құрайтын «Шымкент қаласындағы «Металлург» стадионын реконструкциялау».
- Құрылыс жұмыстарының құны 750,6 млн. теңгені құрайтын «Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында №12 спорт мектебінің қосымша корпусын салу».
- «BI Group» компаниясы арқылы жаңа ипподром құрылысы басталды. Қазіргі таңда, жерді қазу, тегістеу жұмыстары жүргізіліп, бетон төсеніштері құйылып, іргетасы қалануда. Жобалық құны 3,8 млрд. теңге.
- «Отау Строй» ЖШС үстел теннисіне арналған спорт нысанының құрылысын жүргізуде. Қазіргі уақытта, жерді тегістеу жұмыстары аяқталып, бетон құю жұмыстары басталды. Жобалық құны 500 млн. теңге.

Сондай-ақ 2022 жылы қалалық №15 және №20 спорт мектептеріне қарасты спорт кешендерінің құрылысын жүргізу жоспарлануда.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket