Жапон астронавтары 2030 жылға қарай Айға қонуды жоспарлап отыр

3419
Adyrna.kz Telegram

Премьер-министр Фумио Кишида Айға қону АҚШ-пен бірлесіп жүзеге асырылатын аймақтағы және жер серігінің бетіндегі кең ауқымды іс-шаралар бағдарламасы аясында жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, желтоқсан айында Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігі (JAXA) осы жоспарларды жүзеге асыруға қатысатын астронавттардың жаңа топтамасына қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастады. Байқау келесі жылдың 4 наурызына дейін жалғасады.

JAXA астронавтар корпусында қазірдің өзінде жеті адам бар екені, бұл топ мүшелерінің орташа жасы 52 жас екені атап өтілді. Айдың белсенді зерттелуі күтілетін 2030 жылдарға қарай олардың екеуі ғана қатарда қалады, қалғандары зейнетке шығуға мәжбүр болады.

2019 жылдың көктемінде Америка Құрама Штаттарының Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Артемида Айды зерттеу және барлау бағдарламасының жобасын жариялады. Оның үшінші кезеңінде ғарышкерлерді Жер серігіне қондыруды шамамен 2020 жылдардың соңында жүзеге асыру жоспарланған болатын.

Токио 2019 жылы Американың Ай бағдарламасына қосылу туралы шешімін жариялады. Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігі мен NASA Жердің табиғи серігін барлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Әңгіме құрал-жабдықтарды жеткізу, Ай бетіндегі деректермен алмасу, Айға роверді бірлесіп жасау, сондай-ақ жапондық астронавттарды Айға жіберу мүмкіндігі туралы болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер