БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН: Мәскеу Вашингтонға талап қойды

3043
Adyrna.kz Telegram

Мәскеу Вашингтонға НАТО-ның ықпал ету аймағын кеңейтуге қарсы талап қойды.

Өткен аптада НАТО-ның Еуропа мен Азия істері жөніндегі өкілі Ресейден кепілдік сұрап, тамырын басып кеткен болатын. АҚШ шын мәнінде Ресейдің тамырын басып көрді ме?
Бүгін Ресей тарапы АҚШ-қа НАТО-ның ықпал ету аймағын Шығыс Еуропа территориясында жалғастыруға қарсы талап қойды.
АҚШ Ресейдің Шығыс Еуропа террирориясындағы ықпал ету аймағындағы әрекеттерін тоқтатпаймыз деп жауап берді. НАТО-ның өзге елдері АҚШ-тың ұстанымын қолдап, Ресейге қарсы ультиматум бұдан әрі күшіне енетінін ашып айтты. Алдағы
2022 жылы Ресей НАТО елдерімен жаңа форматта диалог өткізетінін жоспарлапты. Онда Ресей-НАТО, Ресей-АҚШ, Ресей-ОБСЕ елдері арасында Украина ісі бойынша диалог жалғаспақ екен. Өтетін бұл диалогты Ресей тарапы ұсынып отыр. Ресейге қарсы ультиматум бұдан әрі күшіне енетінін ескерсек, бұл диалогты Ресей ұсынып отырғандықтан, диалог өтпей қалуы да мүмкін.

Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба осы диалогқа Украина да қатысуы керек, Еуроатлантика қауіпсіздік кеңесі бұл диалог Украина ісі бойынша өтетіндіктен, Украинаны да қатыстыру міндетті деп санайды.
Бір жайт анық. Украинаның тағдырын державалар сыртынан шешіп жатыр.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер