2022 жылы COVID-19 пандемиясы аяқталуы керек - ДДСҰ басшысы

2474
Adyrna.kz Telegram

2022 жыл COVID-19 пандемиясы аяқталатын жыл болуы керек. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

"Менің ойымша, екі жылдан кейін вирусты жақсы білеміз, бізде жақсы құрал бар. Үміт бар. Сондықтан мәлімдемемде пандемияны 2022 жылы аяқтауымыз керек екенін айттым", - деді ол сәрсенбіде өткен брифингте.

ДДСҰ басшысының айтуынша, қазір ең басты мәселе - вакцина мен денсаулық сақтаудағы басқа шараларды қоса алғанда, қолда бар тиімді құралдарды қолдану, вакцина таралуындағы теңсіздікті жою.

Сонымен қатар, ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан әлем пандемияның соңына әлі келмегенін, бірақ оны жеңуге мүмкіндік бар екенін айтты.

"Менің ойымша, пандемияның соңына келмедік, тіпті оның аяқталатын уақыты да жақын емес. Бірақ ғылымның арқасында жақсы құралдар бар. Вирусқа қарсы қалай әрекет ету керек екенін жақсы білеміз. Бірақ елдер арасында жан-жақты және тұрақты бағдарламаларды (вируспен күресу) енгізуге әлі де ұжымдық жоспар жоқ", - деді ол.

Дәл осы брифингте ДДСҰ төтенше жағдайлар бөлімі техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керкхов вирус белгілі бір уақытта маусымдық құбылыс болуы үшін мутацияны, жағдайға бейімделіп, дами беретінін айтты.

"Менің ойымша, бұл жерде вирус эндемикалық сипатта бола ма деген сұрақ туындамайды. Әрине, ол осы жолда. Бірақ эндемикалық сипатта болуы қауіпсіз дегенді білдірмейді. Эндемиялық жағдайда оның таралу деңгейі төмен, географиялық тұрғыдан шектеулі болатынын көреміз, қорғалмаған тұрғындар арасында да індетті байқаймыз. Менің ойымша, осы бағытта келе жатырмыз. Бірақ пандемияның ортасындамыз, әлемнің жартысында пандемия болса, эндемиялық жағдайға өте алмаймыз. Бізді ұзақ жол күтіп тұрған секілді", - деді Ван Керкховен.

Бұған дейін ДДСҰ Еуропалық аймақ бюросының басшысы Ханс Клуге омикрон штамына байланысты Еуропа елдеріндегі эпидемиялық жағдай нашарлайтынын ескерткен болатын. Сонымен қатар, Францияда вирус жұқтырғандар саны тәулігіне 100 мың адамға дейін артады деп болжанып отыр.

"Тағы бір дауыл жақындап келе жатыр. Алдағы аптада омикрон Еуропа елдерінің бірқатарына әсер етеді", - деді ол.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер