"Алматы Судың" 100-ден астам қызметкері жұмысқа шығудан бас тартты

2508
Adyrna.kz Telegram

Алматыны сумен қамтамасыз ететін әрі кәріз жүйелерінің жұмысын қадағалайтын "Алматы Судың" 100-ден астам қызметкері жұмысқа шығудан бас тартты. Айтуларынша жалақылары тым аз. Бұдан бөлек қызметтік киімдерінің сапасы сын көтермейді. Жұмыстағы еңбек қауіпсіздігі де сақтала бермейді екен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 31-арнаның

">"Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Таңғы сағат жетіден бастап жиналған жұмысшылар мекеме ішіне кіре алмады. Алайда басшылықтан бұрын полицейлер жеткен. Есік ашылған соң жұмысшылар өз талаптарын жеткізді.

"Қарағым-ау. Нақты жауап берші ер жігіт ұқсап. Қашан көтереді? Тоқаев, мысалы, ең төменгі жалақыны 42 500 ден 60 000-ға көтеріп отыр", - деді мекеме жұмысшысы Қайрат Ердебаев.

"Қаншама жігіттер кетіп қалып жатыр. Соған кәсіподақтан материалдық көмек беру керек. Көмек сұрасаң жаңағындай бір жиырма мың беріп жас баланы алдағандай алдап қояды. Баяғы жартас сол жартас дегендей сол жүз мыңнан он бес мың қосты, соның өзімен әлі келе жатырмыз міне. Оның өзі наурызда ғана. Жүз мың дейміз", - деп мәлімдеді "Алматы су" мекемесінің көлік жүргізушісі Нұрболат Бейсеев. 

Жұмысшылар қалада жаңа аудандар көбейіп жатса да, жалақының мүлдем өспейтінін түсіне алмай дал. Ал мекеменің ресми өкілі 2024 жылға дейін тариф бекітілгендіктен жалақы өзгермейді деп кесіп айтты. 

"Яғни қазір қалада судың бағасы 48 теңге, кәріз жүйесі 25 теңге. Соған байланысты жалақы болады", - деді “Алматы Су” МКК ресми өкілі Серік Шагиров.

Жұмысшылар тарқағанда келген Алматы судың директоры компанияның қарызы 400 миллион теңгеден асып кеткенін айтқан. 

"Қазір айта алмаймын. Осы биылғы жылы былтырғы жылдың қарыздары жабылды. Қазір 441 миллион теңге қарыз бар. Сондықтан мемлекеттен субсидия сұрап отырмыз", - деді "Алматы Су" МКК бас директоры Қайрат Адрасилов.

Енді мұндағы жұмысшылар талаптарымыз орындалмаса әкімдікке шағымданамыз деп отыр.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер