БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН: Қазаққа дұрыс билік келмейді

2225
Adyrna.kz Telegram

Біздің қоғам ортасында елге қызмет етейін, пайдамды тигізейін деген ниеті дұрыс азаматтар көп. Олардың қызмет етуіне де мүмкіндік көп.

Ең басты "но"-сы, олар мемлекеттік қызметке орналасып, жұмысын бастаса, оларды қазақтың өзі жерден алып жерге салып, "жүйенің құлы, нұрбот, сатқын, кнб" быды-быды, тыты-тыты кете береді.

Жүйенің құлы, ештеңе істей алмайсың дейді. Қазақ өзі осындай болса, әрине қазақтан туған ұл ешқашан да қазққа қызмет ете алмайды. Бірақ қазақ өзі жүйені ауыстыруға, бұл жігіттерге көмек беруге құлықсыз. Бермейді де. Сондықтан біздің қоғамда ерік жігері мықты, ұлтшылдығы басым кез келген жігіт әлеуметтік желідегі кибербуллингтің құрбаны болып кетуі түк емес. Қазақтан осындай мінезді көрген ұлы қазаққа адал қызмет етеді деп ойласаң қателесесің. Ұлым дейтін ел болмаса, елім дейтін ұлды Марстан да таппайсың. Қазақ қазір "Ұлым" дейтін ел бола алмағандықтан, өзім жемқорлардың торына салып, айға қарап жүр. Ұлым дейтін ынтымағы ұйысқан елді көріп тұрғаным жоқ. Сендердің билікті, үкіметті жамандап отырғандарыңа билік қолын шапалақтап отырып қуанады.  Сондықтан, сендер қандай болсаңдар, сендер солай басқарыласыңдар!

Қазақ ниетін түземесе, қазаққа дұрыс билік келмейді.

Пікірлер