Тәуелсіздік күніне орай отандық телеарналар жаңа туындыларын ұсынады

415

«Qazaqstan» және «Хабар» телеарналары Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай әзірленген жаңа туындыларын көрермен назарына ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Хабар» телеарнасында 29 қарашадан бері «Елбасы. Тәуелсіздік жылнамасы» деректі фильмі көрсетілуде. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналға туынды 15 сериядан тұрады. Оның әрқайсысы еліміздің орын алған тарихи оқиғалар мен сәттерге арналған қорытынды сериясы 17 желтоқсанда көрсетіледі.

«Қазақстан туралы айтамыз». Дәл осындай атаумен 13 желтоқсаннан бері «Хабар» телеарнасында сағат 12:30-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жылдарында жұмыс істеген халықаралық сарапшылардың қатысуымен деректі бағдарлама циклі көрсетіліп жүр. Бағдарлама барысын кейіпкерлер экскюзивті сұхбат беріп, Қазақстанға қатысты ойларымен, көзқарастарымен бөлісіп, елімізде атқарған қызметі менжұмыс нәтижелері жайында баяндайды.

«Хабар» арнасының тағы бір деректі фильмі «Егемендік. Тәуелсіздікке дейінгі 418 күн»деп аталады Деректі фильмде Қазақстан Тәуелсіздігін алар кезеңдегі маңызды тарихи жайттар баяндалады. Фильмді 16 желтоқсан күні сағат 10:00-де тамашалай аласыздар.

18-19 желтоқсан күндері сағат 12:30-да «Хабар» телеарнасында Роза Бағланованың өмір жолынан сыр шертетін 8 бөлімді сериал көрерменге жол тартады.

Ал «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы 17 желтоқсан күні сағат 14:50-де Тәуелсіздік күніне орай арнайы жоба - «Желтоқсан жаңғырығы» атты деректі фильмін ұсынады. Архивтік құжаттар мен нақты деректерге негізделген фильм еліміздің тарихи кезеңі – Қазақстан Респубикасының Тәуелсіздікке қол жеткізуіне арқау болған «Желтоқсан» оқиғасының 35 жылдығына арналады.

Сонымен қатар «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елдің мемлекеттік шекарасы туралы «№9» атауымен деректі фильм түсірді. Деректі фильмде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың шекараны бекітудегі жүргізген ресми келіссөздері мен қазақ дипломаттарының табанды әрекеттері тарихи деректермен баяндалады. Деректі жоба 16 желтоқсан 16:20-да эфирге шығады.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket