АСТАНА — ЕЛБАСЫНЫҢ ЕРЛІГІ

3843
Adyrna.kz Telegram

Егемендік алған 30 жыл уақыт ішінде еліміз жоғары жылдамдықпен дамып, бұрын болмаған жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстанды бүкіл әлем таныды, бүгінгі ұрпақтың бойында ертеңге деген сенім, нақты мақсат пайда болды. Ел мерейінің асқақтауы үшін еңбек сіңірген ұлт көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана – Президенттің жасампаз қолтумасы және қайталанбас жауһары. Тәуелсіздік туы көтерілген күрделі жылдар туралы Президент өзінің «Қазақстан жолы» еңбегінде: «Біз Астананы нөлден бастадық. Көшіру барысында барлық қиындықтарды бастан өткердік. Бұл бізге арман болатын. Енді керемет қала, Қазақстанның жүрегі және мақта­нышы» деп жазған болатын.

Астана – сәулеті мен дәулеті жыл санап кемелденіп келе жатқан қала. 20 жылдық тарихи тойын тойлаған ару Астана халықаралық маңызды жи­­ын­дардың, симпозиумдар мен фо­рум­дардың ордасына айналды.

Қазақстан елордалы елге айналып, әлемдік аренада орын алса, бұл Елбасының ерен еңбегі.

Пікірлер