Шымкентте 9 мыңға жуық адам PEIZER вакцинасын салдырды

1151

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында республикалық маңызы бар қалалар мен облыс әкімдері еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.

Үкімет басшысы вакциналау және ревакциналау қарқынын күшейту қажеттігін айтты.

Шымкент қаласына «Pfizer-BioNTech» вакцинасының 46 800 дозасы келген. Коронавирустық инфекцияға қарсы бұл вакцинамен тиісті контингенттің 112 437 адамды егу жоспарланды, оның ішінде 8 740 жүкті әйелдер (15-40 апта), 87 697 12-17 жастағы балалар. Сондай-ақ, қосымша 16 314 бала емізетін әйелдерді вакцинациялау жоспарлануда.

Осы жылдың 15 қарашасынан бастап 12-18 жасқа дейінгі балалар, жүкті және бала емізетін әйелдерді «Pfizer-BioNTech» вакцинасымен вакцинациялау басталды. «Pfizer» вакцинасының бірінші компонентімен 8 869 адам егілді, 2-ші компонентімен 1 205 адам егілді.

Шымкент қаласының тұрғындарына вакцинаның үшінші дозасын енгізу басталды, бүгінге 7 354 адам ревакцинацияланды. Сонымен қатар, тұмауға (грипп) қарсы вакцинамен 130 327 адам қамтылды, бұл 100 пайызды құрайды.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket