Атырауда 14 жастағы жасөспірім көпірден секірмек болды (ВИДЕО)

3319
Adyrna.kz Telegram

Атырауда көпірден секірмек болған жасөспірімді полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«12 желтоқсан күні 22:20 шамасында “102” операторына Атырау мөлтек ауданында орналасқан көпірден белгісіз адамның секіріп кеткені туралы хабарлама түсті. Хабарлама бойынша оқиға орнына барған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Исатай Тұрсынғалиев пен Ғалым Қалбаев суға батып бара жатқан қызды байқаған. Уақыттың тығыздығын түсінген тәртіп сақшылары құтқаруға кірісті. Ғалым Қалбаев көліктен арқан жіпті алып, беліне байлап, қызға қарай жүзген. Арқанның екінші шетін Исатай Тұрсынғалиев ұстап тұрды. Көмекке келген әріптестері Махамбет Қабасов пен Құралбек Қалмағанбетовке ол арқанды ұстатып, Ғалым Қалбаевтың артынан суға түсті»,– делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары қыз баланы 20 минут шамасында жағаға алып шықты. Ес-түссіз жатқан жасөспірімге бірден жасанды тыныстандыру жаттығуларын жасауға кірісті. Тіршілік белгілері болғанымен, қыз қатты әлсіреп қалған. Полицейлер жақын маңдағы №5 емханаға қызметтік көлікпен жол тартқан.

– Ойланатын уақыт болмады. “Шешінген судан тайынбас” дейді. Құтқарамыз деп бірден суға түстік. Су мен ойлағаннан да салқын болып шықты. Бірақ бар ойым батып бара жатқан қызды құтқару болды. Әріптесім арқанның екінші ұшын ұстап тұрды, кейін артымнан жүзіп келе жатқанын сезіп, тез қимылдап, жағаға үшеуміздің де аман-есен шығуымыз үшін барлығын жасадым. Әр секунд маңызды болды. Взвод командирі тез шешім қабылдады, жасөспірім салқын суда бізден ұзақ уақыт болғандықтан, өкпесіне зақым келмесін деп бірден емханаға жол тарттық, – деді Ғалым Қалбаев.

Айта кетейік, дәрігерлер 14 жастағы жасөспірімге дереу көмек көрсетті. Аязды күні салқын суға жүзіп, жасөспірімді ажалдан арашалаған тәртіп сақшыларының да денсаулығын тексеріп, қажетті көмектерін көрсетті.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Пікірлер