ЕЛБАСЫ ҚОЛТАҢБАСЫ БАР ЖОБАЛАР

1222
Adyrna.kz Telegram

Тұңғыш Президентіміздің қолтаңбасы бар Тәуелсіздік дәуірінің ерекше жобасы ретінде Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласын айрықша атап өтуге болады. Қысқа мерзім ішінде Қазақстанның бас қаласы еліміздің ғана емес, бүкіл өңірдің нақты саяси, экономикалық және мәдени орталығына айналды.

Бұдан бөлек, Шымкенттің республикалық дәрежедегі қалаға айналуын – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жобасы екенін мақтанышпен айтамыз. Елбасының бұл тарихи Жарлығы қаланың жаңа тынысын ашты, серпін берер мүмкіндіктерге бастады.

Соңғы жылдары еліміздің үшінші мегаполисінде өнеркәсіп өнімі 2 есеге артып, 700 млрд. теңгеге жетті. Инвестиция 1,3 трлн. теңгеге өсті. Биылғы жылы алғаш рет 1 млн. шаршы метр тұрғын үй салынуда. Қала бюджеті төрт есеге өсіп, 495 млрд. теңгеге жетті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қамқорлығындағы қаламыз бүгіннен де биік белестерден көрінеді деген сенімдеміз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер