ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ЖОЛАУШЫЛАР ТЕРМИНАЛЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

1701
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда жобаның бірінші кезеңі толығымен 100 пайызға орындалды. Ал жобаның екінші кезеңі бойынша құрылыс жұмыстары қарқын алған. Қасбеттік жүйелерді монтаждау жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда, жолаушылар терминалы құрылысының 80 % жұмыстары орындалды.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс жұмыстарымен танысты. Одан бөлек Мақсұт Пернебайұлы әуежай аумағын абаттандыруға арналған жобалардың жүзеге асырылу барысын аралап көрді.

Өткен жылы қала әкімдігімен 912 млн теңгеге әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, аяқталған болатын. Ал жобалық құны 1,7 млрд теңге құрайтын жаңа кірме жолды салу бойынша жұмыстар да аяқталып отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер