ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ НАСИХАТТАДЫ

1610
Adyrna.kz Telegram

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ 30 КҮН» мерекелік іс-шаралар жоспарына сәйкес, бүгін А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында бұқаралық жүгіру спорттық іс-шарасы өтті. Спорттық бәсекеде санитарлық талаптар толық сақталды.

Бұқаралық жүгіру спорттық іс-шарасына қала тұрғындары, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, дене шынықтыру және спорт басқармасының және басқармаға қарасты спорт мекемелерінің қызметкерлері, жалпы 400-ге жуық адам қатысты.

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов сайысты салтанатты түрде ашып бергеннен кейін, қатысушылар патриоттық әндер тыңдап, 7 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.
Нәтижесінде Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубының жаттықтырушысы Бақдәулет Рисабеков мәреге бірінші болып жетті.

Мәреге алдыңғы қатарда келген қатысушылар Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында дипломдар және Алғыс хаттармен марапатталатын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер