ШЫМКЕНТТЕ ЕМІЗУЛІ АНАЛАРҒА КОВИДКЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛЫНУДА

1705
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте бала емізетін әйелдерге короновирусқа қарсы вакцина салына бастады. Дәрігерлер аналарды медициналық тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімі болмаған жағдайда вакцина салды.

Pfizer вакцинасын салдыруға №13 қалалық емханаға келген аналардың бірі - Карина Раймқұлова. Бес айлық сәбиімен емханаға келген 25 жастағы анаға мамандар Pfizer вакцинаның алғашқы компонентін салдырды.

«Менде еш үрей жоқ. Себебі Pfizer вакцинасын салдыруға келмес бұрын бұл туралы мақала, медициналық зерттеулер көп оқыдым. Сөйтіп қауіпсіздігіне көз жеткіздім. Дерттен арылудың бірден бір жолы вакцина», - дейді жас ана.

Сондай-ақ емхана базасында бүгін жасөспірімдерге де вакцина салынды. Екпе салдыруға баласын алып келген ата-налардың бірі - Байгутова Гүлнәра.

«Мен осы вакцинаның келгенін күтіп жүрдім. Ұлыма осы екпені салғызу ойымда жүрген. Мен өзім медицина маманы болып жұмыс істеймін. Өзіміз отбасымызда осы әңгімені күнде қозғап отырамыз. Өйткені статистикаға қарасақ, көбінесе Pfizer жеңіл өтеді», - дейді Г. Байгутова.

Айта кетейік, екпені салу мерзімі бірінші дозаны алғаннан кейін 21-ден 28 күнге дейінгі аралықта екі рет жүргізіледі.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер