Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы таксилер қызмет көрсетеді

773
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 18 инватакси қызмет көрсетеді. Әлеуметтік такси қызыметін жүріп-тұруы қиын бірінші, екінші топ пен 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар азаматтар жүгіне алады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ресми мәліметі бойынша Шымкент қаласында 36 928 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның ішінде: бірінші топтағы – 3309, екінші топтағы – 14 900, үшінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар – 12 273. Ал 18 жасқа дейінгі 6 446 мүгедек бала тіркелген.

Бүгінде 43 әлеуметтік такси көлігіне 508 өтініш қабылданса, инватакси қызметін 455 мүмкіндігі шектеулі азамат өтініш тапсырған. Аталған арнайы такси қызмет алушының жұмыс, оқу орнына, медициналық мекемелерге, әуежайлар, теміржол вокзалдары, сот, прокуратура және т.б. белгіленген пункттерге жеткізеді.

«Мен өзім 1 топқа жатамын. Мемлекеттен беріліп жатқан инватакси - қолайлы, қолжетімді. Тек өтінішті 1 күн бұрын қалдыру керек. Өтініш қабылданған соң қалаған жеріңе тегін баруға болады. Осы секілді көмек түрлерін алып жатқанымызға алғысымыз шексіз»,-деді Асыл Асқаров.

Айта кетейік инватакси қызмет түрін алуға, басқа да сұрақтарға жауап алу үшін 8 (707) 405-15-65 байланыс нөміріне хабарласуға болады.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер