ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАЙҚАЛАДЫ

1663
Adyrna.kz Telegram

Абай ауданы әкімінің аппаратына биыл 9 ай ішінде жеке және заңды тұлғалардан 352 арыз келіп түскен.

Оның ішінде:
- коммуналдық мәселе бойынша - 120 өтініш;
- әлеуметтік мәселе – 76;
- тұрғын үй мәселесі – 4;
- жер мәселесі – 6;
- жол мәселесі – 34;
- құрылыс мәселесі – 36;
- басқа да мәселе – 76.

Келіп түскен барлық өтініштер мерзімінде орындалды.

Сонымен қатар, аудан әкімі мен орынбасарлары 44 жеке қабылдау өткізді. Оның 14-і қанағаттандырылды. Ал 30-на салалық басқармалардың құзырындағы мәселелерге қатысты заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 24-і сапалы ауыз сумен қамтылып, ол 71 пайызды құрап отыр.

Биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 38 көшеге жарықшам орнатылды. Жыл соңына дейін 9 көше жарықтандырылады.

Айта кетейік, Түркістан облысынан 2014 жылы Абай ауданы аумағына қосылған 10 елді мекеннің (халық саны - 33 254) инфрақұрылымдық мәселесін шешуде тиісті жұмыстар атқарылуда.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер