«Халық қатысатын бюджет» жобасы өз нәтижесін беруде

1483
Adyrna.kz Telegram

Еңбекші ауданында 630 көпқабатты тұрғын үй 435 аулаға біріктірілген. Ауданда 2011-2020 жылдар аралығында кезең-кезеңмен 565 үйдің 373 ауласы абаттандырылған.

Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында 41 көпқабатты үйдің аулаларын жаңартуға бюджеттен қаражат бөлініп, қазіргі таңда 24 көпқабатты үйдің аулаларында абаттандыру жұмыстары аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді. Ал, 17 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Бұл жоба арқылы пайдалануға берілген аулалардың бірі - Ш.Уәлиханов көшесіндегі №225 үйдің ойын алаңшасы.

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов аталған аумаққа барып, аяқталған құрылыс жұмысын тексерді.
«Бұл жоба тиімділігін көрсетті. Аулалар жаңарып, қолайлы орта қалыптаса бастады. Ағаштар мен гүлдер отырғызып, күтім жасау маңызды. Аулалар - үйіміздің бір бөлігі. Енді уақытты тиімді қолдану үшін аула клубтарын ашуды ұсынамын. Аулалар арасында спорттық жарыстар, түрлі ойындар өткізуге болады. Осы мақсатта спорт алаңшалары көптеп ашылуда» - деді М.Әйтенов.

Ауданда алдағы жылы да абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында жалғасады. Қазіргі таңда тұрғындар тарапынан 93 ұсыныс түсіп, тұрғындар арасында 66 ұсыныс қажетті дауысты жинады.

Пікірлер