Қазақ тілінде жаңа бестселлер жарық көрді

3408
Adyrna.kz Telegram

Дарон Аджемоғлы мен Джеймс Робинсонның «Why Nations Fail: The Origins of Power, Prosperity, and Poverty» кітабы «Qazaqsha 100 Bestseller» жобасы аясында Тілектес Мейірмановтың қолдауымен қазақ тілінде жарық көрді, деп хабарлайды "Адырна" сайты. 

Кітаптың шығуына еңбек еткен «Мазмұндама» баспасының аудармашы, редактор, корректор, беттеуші дизайнерлері

Дарон Аджемоғлы мен Джеймс Робинсонның «Мемлекеттер неге дамымай қалады» кітабы – Сэмюэл Хантингтон, Джаред Даймонд немесе Фрэнсис Фукуяма еңбектерімен салыстыруға болатын, соңғы уақыттағы ең ірі саяси-экономикалық бестселлерлердің бірі. Авторлар тарихшыларды, экономистер мен философтарды ғасырлар бойы алаңдатқан сұраққа жауап іздейді. Әлемдік теңсіздіктің себебі неде, неге әлемнің байлығы жер бетіндегі елдер мен аймақтарға біркелкі бөлінбейді?

Кітапта осы сұраққа тарихты тарқата отырып, саясат пен экономиканы зерделей келе жауап берілген. Адамзат баласы өмір сүрген барлық уақыт пен кеңістікті қамтуы бұл кітапты саяси-экономикалық ойдың нағыз энциклопедиясына айналдырады.

Тапсырыс беру үшін: https://kaspi.kz/shop/p/adzhemo-ly-d-memleketter-nege-damymai-alady-bil-kt-rkendeu-men-kedeil-kt-bastauy-103091941/?at=2&c=311010000 

Не болмаса http://wa.me/77752337257 сілтемесі арқылы тапсырыс  беріңіз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер