Шымкентте жаңа медициналық жабдықтар сатып алған клиника тұрғындарды емдеуде

973
Adyrna.kz Telegram
Бүкіл әлемді жаулаған пандемия барша адамзатқа денсаулық қадірін түсіндіріп, тазалыққа үйретті. Коронавирустың кең таралған тұсында ауруханалардағы төсек-орындар саны жетпей, дәрі-дәрмек тапшылығы да орын алды. Осындай кезеңде емханаларда стационарлар ашылып, тәулік бойы тұрғындарға медициналық қызмет көрсетті.
Солардың қатарында Шымкент қаласындағы «Shymkent Мedical Services» клиникасы бар. Бүгінде клиника тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша ересек азаматтарға тәулік бойы стационар ретінде жұмыс жасауда. Сондай-ақ ақылы палаталар да ұйымдастырылған. Олар тұрмыстық техникалармен жабдықталған, бір және екі орындық болып келеді.
Клиникада зерттеудің зертханалық және аспаптық әдістері бар. Атап айтқанда қанның биохимиялық талдауы, ЭКГ, жүректің УДЗ және басқа да әдістер тез және дәл диагноз қоюға мүмкіндік береді.
«Shymkent Мedical Services» клиникасының учаскелік дәрігерлері емханада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Онымен қоса, тұрғындардың шақыртуларымен үйлеріне де барады.
Мекеме өз жұмысын кеңейту мақсатында мемлекеттік бағдарлама арқылы «Даму» Қорының жеңілдетілген несиесін алды. Клиника қаржыландыруды алғаннан кейін жаңа медициналық жабдықтар сатып алды.
Енді жаңа медициналық аппараттар арқылы акушерлік/гинекология, урология, ангиология, кардиология (стресс-эхо және тері өңеш зерттеулерін қоса алғанда), жер үсті құрылымдары мен қаңқа-бұлшық ет жүйесін зерттеу сияқты түрлі салаларда жоғары сапалы бейнелерді алуға болады.

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер