Ресейге келетіндер тіл мен заңды білуі керек - ПУТИН

3437
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин елге келген әрбір мигрант тіл мен заңды біліп келу керектігін және осы сұрақты ТМД елдерімен ақылдасуды қажеттігін айтты. Осындай мәлімдемемен ол азаматтық қоғамды дамыту және адам құқықтары жөніндегі кеңестің отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Орда.кз сайтына сілтеме жасап. 

Президент бұл мәселені әлеуметтік және экономикалық саладағы маңызды мәселелердің бірі деп атады.

— Міне, сіз бізге шетелдік жұмыс күшінің қанша қажет екендігі туралы есептеулер жоқ деп айттыңыз, олай емес. Жалпы, мұндай есептеулер, әсіресе құрылыс кезінде жасалады. Маған (вице-премьер-министр) Хуснуллин Марат Шакирзянович құрылыс кешенінің, экономиканың құрылыс секторының шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігін бірнеше рет баяндап берді, — деді Ресей басшысы.

Сонымен қатар, президент мигранттардың бейімделуінің маңыздылығын атап өтіп, осы мәселеге алаңдаушылық білдірушілермен толық келісетінін атап өтті.

— Бізге жұмыс істеуге келгісі келетін адамдар біздің елімізге келерде өз отанында жұмыс істеуге дайындалып, тілді, біздің заңнамамызды үйреніп, өз құқықтарын біліп, біздің қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар Ресей Федерациясының заңдары мен ережелерін, біздің әдет — ғұрыптарымызды сақтау үшін және оның бағытын білуі үшін жұмыс істеу керек, — деді Путин.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер