Назарбаев халықаралық әуежайы "Манас" әуежайымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

2721
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстан Республикасының делегациясы Астана әуе айлағының 90 жылдығын тойлау аясында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында болды.

2021 жылғы 25 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы авиациялық билік органдарының жұмыс кездесулері хаттамасының екі елдің әуежайлары арасында авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасуды ұйымдастыру туралы 4-тармағын орындау мақсатында, 2021 жылғы 2-4 желтоқсан аралығында «Манас» халықаралық әуежайы» ААҚ делегациясы елорда әуежайында болды.

Сондай-ақ, "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ мен "Манас "халықаралық әуежайы" ААҚ арасында қол қойылған меморандум негізінде Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы достық қатынастар шеңберінде тараптар келесі ынтымақтастыққа қол жеткізуге келіседі. Келесі бағыттар бойынша достық серіктестік қарым-қатынастарды нығайту бойынша міндеттер:: 1. Тараптар әріптестік қатынастар орнату және тәжірибе алмасу туралы келісті. 2. Тараптар Бішкек пен Нұр-сұлтан арасындағы тікелей авиациялық қатынастарды дамыту туралы келісті. 3. Тараптар Көкшетау және Ыстықкөл курорттық аймақтары арасында авиациялық қатынастарды дамыту бойынша күш-жігер жұмсайтындықтарына келісті. 4.Ынтымақтастықты нығайту және екі тараптың нарығын жақсы түсіну үшін Тараптар басшылықтың өзара сапарларын ұйымдастырады. 5. Осы Өзара түсіністік туралы Меморандум орыс тілінде екі данада жасалды. Тараптар бірлескен жұмыстарды үйлестіру және орындау және ынтымақтастықтың жоғарыда көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін бірлескен жұмыс тобын құрады.
Пікірлер