Сонымен алдағы уақытта 1961 жылдың екінші жартысында дүниеге келген әйелдер зейнетақы төлемдерін тағайындауға 2021 жылдың соңына дейін өтініш жасауға тиіс. 2013 жылы қабылданған "Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның 11-бабында әйелдердің зейнеткерлік жасы жыл сайын 6 айға 10 жыл бойы 2027 жылға дейін артады деп жазылған.
2021 жылы әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жас болған. Енді келер жылы 1 қаңтардан бастап зейнетке шығу жасы 60 жас алты ай болады.
Баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, 2021 жылдың екінші жартысында 60 жасқа толған қазақстандықтар жыл соңына дейін өтініш беріп үлгермейді, келесі жылы оларға жарты жыл күтуге тура келеді және 2022 жылдың шілдесінен кейін ғана зейнетке шыға алады.
Еңбек министрлігі өтініш берілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қаралатынын ескертті.