Млрдтаған доллар: Қазақстан 2030 жылға дейін 180 жобаны іске асырмақ

525

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан баламалы энергетиканы дамыту саласына шетелдік капитал мен озық технологияларды тарту үшін инвестициялық ортаны жақсарту жөнінде бірқатар шара қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылы жаңартылатын энергетика саласында жалпы қуаты шамамен 600 МВт болатын 25 жоба пайдалануға берілді. Инвестиция көлемі $510 млн асты. 2021 жылдың қорытындысы бойынша $445 млн инвестиция тарта отырып, жалпы қуаты 450 МВт болатын 22 жоба іске қосылады. Алдағы төрт жыл ішінде жалпы қуаты 2400 МВт және инвестициялар көлемі $2,5 млрд асатын ЖЭК-тің 60-тан астам жаңа жобасын пайдалануға беру жоспарда бар.

А. Мамин энергетика секторын жаңғыртуға және ҚР жаңартылатын энергия көздерін дамытуға салынатын инвестициялардың одан әрі өсуіне биыл 1 желтоқсанда Дубай қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ мен Abu Dhabi Developmental Holding Company (ADQ) тәуелсіз қоры арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге, сондай-ақ ҚР-да жалпы қуаты 4 ГВт күн және жел электр станцияларын салу жөніндегі инвестициялық құжаттарға қол қою ықпал ететінін атап өтті.

«2030 жылға қарай Қазақстанда жалпы қуаты 9 ГВт құрайтын жаңартылатын энергетиканың 180-нен аса жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Біздің еліміз СОР26 шеңберінде өз міндеттемелерін уақытылы орындайтынына күмән жоқ», — деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket