Үкімет отставкаға кетсін: Қырғызстан партиялары сайлау нәтижесін мойындамауда

3115
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстандағы бес саяси партияның өкілдері жексенбі күні республикада өткен ұлттық парламент депутаттары сайлауының нәтижесін мойындаудан бас тартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Біз бұл сайлаудың нәтижелерін мойындамаймыз, оларды жарамсыз деп танып, жаңадан дауыс беруді талап етеміз», - делінген олардың 29 қарашада таратқан бірлескен мәлімдемесінде.

Саясаткерлер сонымен қатар нәтижелер жалған деп санайды. Мұндай мәлімдемені "Ұлуттар биримдиги", "Реформа", "Ата-Мекен", "Азаттық" партияларының өкілдері мен социал-демократтар партиясының өкілдері жасады.

28 қарашада Қырғыстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтында сайлау учаскелерінен электронды дауыс беру жәшіктерінен алынған ақпаратты өңдеу кезінде жүйеде ақау орын алды. Нәтижесінде сайт біраз уақыт қолжетімсіз болды. Жұмысы қайта басталғаннан кейін онда алдыңғы нұсқадан ерекшеленетін ақпарат пайда болды. Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұржан Шілдабекова түсіндіргендей, сайттағы мәселелер бағдарламалық қамтамасыз етудегі қателерге байланысты болды, олар жойылды.

Жетінші шақырылған Жогорку Кенештің (Жоғарғы Кеңестің) депутаттары аралас жүйе бойынша — 54 партиялық тізім бойынша, 36 — бір мандатты округтер бойынша сайланды. Бір мандатты округтер бойынша жоғары заң шығарушы органдағы орындарға 21 саяси партия мен 300-ге жуық кандидат қатысты. Жалпы алғанда қырғыз парламентінде 90 орынға 1,3 мың адам үміткер болып отыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, парламент құрамына алты партия — «Ата-Журт Кыргызстан», «Ишеним», «Ынтымак», «Ыйман Нуру», «Альянс» және «Бутун Кыргызстан өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың күзінде өткен парламенттік сайлауды Орталық сайлау комиссиясы сайлау заңнамасының көптеген бұзушылықтарына байланысты  жарамсыз деп таныды. Олардың қорытындылау жаппай шерулермен және елдегі президент пен үкіметтің ауысуымен аяқталды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер