Жомарт жанның қолдауымен спорт алаңшалары пайдалануға берілді

2221
Adyrna.kz Telegram

 

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында, бұқаралық спорттың дамуына ауқымды үлесін қосып жүрген Шымкент қаласының Құрметті азаматы, кәсіпкер Серік Түлбасов Әл-Фараби ауданы аумағында алты спорт алаңшасын салып, халық игілігіне ұсынды.

Бүгін Қабанбай батыр көшесінде орналасқан 5 үйдің ауласында алтыншы спорт алаңшасының ашылу салтанаты өтті.

Қолданысқа берілген спорт алаңшалары барлық стандарт талаптарына сай жабдықталған. Алаңшаларда воркаут аймағы, фитнес, волейбол, баскетбол және кіші футбол ойнауға мүмкіндіктер жасалған.

Мемлекет басшысының бұқаралық және балалар спортымен айналысудың қолжетімділігін арттыру мақсатында, аудан көлемінде жыл соңына дейін бюджет есебінен 25 спорт алаңшасы халық игілігіне берілетін болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Пікірлер