Алматыда қыз бен жігіт Құранды қорлаған (ВИДЕО)

10997
Adyrna.kz Telegram

Алматыда Құранға тіл тигізген қыз бен жігіт ұсталды. Олар полицияға өкінетіндерін жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг кезінде келіншектің мас күйінде Құранды балағаттап жатқан видеосы әшкере болды. Ер адам кадр сыртында онымен қосылып  әзілдескен.

Тексеру іс-шаралары барысында түсірілімнің қатысушылары анықталды. Бұл – бұрын Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған 1998 жылы туған Т. есімді азаматша, сондай-ақ, 1996 жылы туған Л. есімді азамат. Олардың әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 490-бабы 2-бөлімі (Сенушілердің сезімін қорлау) бойынша квалификацияланған. Өндірістік материал шешім қабылдау үшін қалалық Дін істері басқармасына жіберілетін болады, – деді Алматы қалалық ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Мәулен Қасымжан.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер