Жұмыс істейтін жастарды баспанамен қамтуға 21 млрд теңге бөлінді – Әшімбаев

1155

Бұл туралы Парламент Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев "Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл - біз үшін қастерлі жыл. Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Бұл өткенімізді ой елегінен өткізіп, алдағы бағыт-бағдарымызды анықтайтын маңызды меже. Енді санаулы күндерден кейін Тұңғыш Президент күнін де атап өтеміз. Бұл күн елдік пен еркіндіктің нышанына айналған айтулы мейрам. Біз бүгін осындай ұлық мерекелер қарсаңында нағыз тарихи сәттің алдында жиналып отырмыз,-деді Әшімбаев.

Сенат төрағасы атап өткендей, егемендіктің 30 жылдығы жеңіс пен жетістікке толы мерейлі белес болды.

Осы уақытта Қазақстан тәуелсіз ел ретінде толық қалыптасты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық саясаты арқасында барлық өзекті мәселе оң шешімін тапты. Шекарамыз шегенделді, экономикамыз жүйеленді. Сыртқы саясатымыз сындарлы жолға түсті. 30 жылдың ішінде әлеусеттік бағытта көптеген бағдарлама нәтижелі іске асты,- деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы халықты баспанамен қамту бойынша да ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты.

Миллиондаған шаршы метр тұрғын үй салынды. Осы бағытта Нұр-Сұлтан,Алматы, Шымкент қалаларында тың бағдарламалар қолға алынып, бірқатар жас баспаналы болды. Тек соңғы 3 жылдың ішінде аталған үш қалада жұмыс істейтін жастарды баспанамен қамтуға 21 млрд теңге бөлінді, - деді Мәулен Әшімбаев.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы