Шымкентте адвокаттар тегін кеңес беруде

52

Шымкентте адвокаттар азаматnарға тегін кеңес берді. Ашық есік күні 30 тамыз Ата заңының қабылданған күніне орай ұйымдастырылып отыр. Келушілер заңға қатысты кез-келген сұрақтарына жауап ала алды.

Заңгерлер олардан көмек сұрайтындардың мәселесінің көбі берген қарызы мен алиментті ала алмауға байланысты екен. Айта кетейік, адвокаттар тек бүгін емес, аптаның әр сәрсенбісінде тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес беруді әдетке айналдырған.

Шымкентте қалалық адвокаттар алқасында ашық есік күні өтті. Мұнда азаматтар кез-келген сұрақтары бойынша адвокаттардан тегін кеңес ала алды. Заң мамандарына көбіне берешегін ала алмай жүргендер мен алимент мәселесімен жүгінеді екен. Бүгінгі өткен Ашық есік күні туралы алдын ала хабарландыру бердік дейді ұйымдастырушылар.

Қанжігіт Түлкібаев, кеңес алушы: «Естіп көрдім есіктің алдында хабарлама жазылып тұр екен. Адвокаттар алқасы тегін кеңес береді дегенді көріп, бүгін келіп отырмын. Бір кісіден қарыз ақша ала алмай жүрмін. Сот орындаушылардың күші келмей жатыр. Мен ары қарай не істеймін, қалай қарызымды өндіремін деген мәселемен келдім. Бұл кісі көмегін беріп жатыр. Кеңесіне қанағаттандым, жақсы өте дұрыс. Осындай кеңестер көп болса, мәселесін шеше алмай жүрген халық көп. Осы кісілердің жәрдемі тиеді деп ойлаймын:

Заңгерлер Ашық есік күні Конституция күніне орай ұйымдастырылып отырғанын айтады. Және де бұл шара жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын тауып келеді екен. Ашық есік күнінен бөлек адвокаттар алқасы аптаның әр сәрсенбісінде келушілерге заңгерлік тегін кеңес береді.

Серік Баймұратов, Шымкент қаласы адвокаттар алқасының төрағасы: «Сондай-ақ әрбір сәрсенбі күні өзім тікелей адвокаттармен бірге заң көмегін тегін көрсету жөнінде ұйымдастырып қойғанбыз. Осы мәселе бойынша азаматтардың бойында банктік қызмет, банктан несие алған мәселелер бойынша, отбасылық жағдайдағы туындаған қарым-қатынастар, қарыз ақша алу, беру жөнінде, жер мәселесі, тұрғын үй мәселесі бойынша көптеген сұрақтар көп азаматтардың бойында».

Адвокаттық қызмет туралы заңда, 19 бабында көрсетілген кешенді әлеуметтік заң көмегін әрбір адвокат ерікті түрде заң көмегін ұсынады деген. Оның ішіне Ұлы Отан соғысына қатысушылар, 1,2 топ мүгедектері, қиын жағдайда жүрген азаматтар көпбалалы ата-ана, сосын медициналық типте жатқан азаматтар, АӘК-ке мұқтаж азаматтарға тегін заң көмегін көрсету парызымыз. Ол заңда көрсетілген.

Қазіргі таңда үшінші мегаполисте 436-ден астам адвокат бар. Ал, негізінде құқық қорғаушыдан кеңес алу ақылы түрде жүзеге асырылады. Алайда, бекітілген баға жоқ. Заңгерлер істің ауырлығына, көмекке жүгінушінің материалдық жағдайына қарайды.

Пікірлер
Редакция таңдауы