Оңтүстіктік қамбаға 1 млн. тонна бидай жиналды

2954
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық диқандар қамбаға бір миллион тонна бидай жинады. Елде 960 мың гектардан астам егіс алқабы орылып бітті.

Жиын-терім 6 өңірде жүріп жатыр. Оның ішінде жамбылдық шаруалар науқанды аяқтауға жақын. Мұнда бидай алқабының 96%-і игерілді. Батыс Қазақстан облысында да егістіктің 71%-і жиналды.

Сондай-ақ Түркістан, Қызылорда, Алматы және Шығыс қазақстан облыстарында да бидайға орақ түскен. Ауылшарушылық министрлігі биыл бидай былтырғыдан 20%-ке аз болады деген болжам жасады.

Егін жинау науқаны Қазақстан ғана емес, әлемнің бірнеше елдерінде жүріп жатыр. Десе де, биржада бидай бағасы түсер емес. Фьючерстері жоғары қарай бағыт алған. Сарапшылардың айтуынша, дәл қазір ұсыныс көп, сұраныс аздау болып тұр. Соның өзінде баға төмендер емес.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер