Жол апаты кезінде жүксалғыштан адамның мәйіті түсіп қалған

8590
Adyrna.kz Telegram

20 қарашаға қараған түні Ленинград облысының Всеволожск ауданында болған жол апаты кезінде адамның мәйіті түсіп қалған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "78.ru" басылымына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, "Сортавала" тас жолының 25-ші шақырымында шамамен 4:10-да Mitsubishi Galant жолдағы қоршауға соғылады. Осы кезде көліктің артындағы жүксалғыштан мойын жарақаты бар ер адамның денесі түсіп қалады.

Жол апатынан кейін бірнеше адам көліктен түсіп, орманға тығылған. Болжам бойынша, олар мәйітті көмуге апара жатқан.

Көлік иесі Орынбор облысының 57 жастағы тұрғыны екені анықталды.

Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары болған оқиғаны егжей-тегжейлі тергеп жатыр. 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер