«Шымкент жастар лигасы» ойындарын II кезеңі басталды

53

Бүгін бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерлан Айтбаев хабарлады.

– Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен екінші мәрте «Шымкент жастар лигасы» өткізіледі. Бұл жоба жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары мен білім беру мекемелерінің оқушыларын қамтиды. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының арасында қазан айынан басталып, желтоқсанға дейін жалғасады. Ал білім беру мекемелерінің оқушылары арасында қазан-мамыр айлары аралығында бас төрешінің бекіткен кестесіне сәйкес, айналымдық кездесу арқылы өтеді, – деді Ерлан Садырбайұлы.

Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызының сөзінше, аталған жобаға қазіргі уақытта футбол (ұлдар арасында), баскетбол (ұлдар арасында), волейбол (қыздар арасында), шахмат (ұлдар, қыздар арасында) спорт түрлерінен 143 мектептен өтінім келіп түскен. Ал жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 37 команда (7 ЖОО және 30 ОАОО) қатысуға өтініш берген.

Брифинг барысында Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Аманжолұлы ойындарға әділ баға беру мақсатында арнайы лицензиясы бар білікті төрешілер төрелік ететінін айтты.

Айта кетейік, жобаның ұйымдастырушылары:
- Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы;
- Шымкент қаласы білім басқармасы;
- Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Қосымша ақпарат: 8 /7252/ 39-13-59, 36-51-03
Анықтама телефоны: 8 707 750 90 60, 8 778 553 52 67

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Фото: Ғабит Жамалов

Пікірлер
Редакция таңдауы