Сайрам көмекші мектеп-интернаты «Сайрам көмекші-мектеп-интернат-колледж» атағына ие болды

352

Шымкент қаласының Сайрам көмекші мектеп-интернаты «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі арнайы кешені» мәртебесіне ие болды.

Мектеп қабарғасында 267 бала білім алуда. Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі арнайы кешеніне бұрынғы мектеп-интернаттың орнына жаңа үлгідегі ғимарат салынған. Білім беру кешені жатақхана, оқу ғимараты, акт пен спорт залдары, медициналық бекет және асханамен қамтылған. Мектеп-интернаттың 36 сыныптық бөлмелері соңғы үлгідегі оқу құрылғыларымен жабдықталған. Заманауи үлгіде бой көтерген ғимаратта тігіншілік, ағаш өңдеу, аспаздық кәсіпті үйретуге арналған шеберхана бөлмелері, арнайы күтімді қажет ететін балаларға арналған коррекциялық оқу, сенсорлық білім алу, психолог, логопед мамандардың сынып бөлмелері арнайы жабдықталып, жазғы спорт алаңы салынған.

Сайрам көмекші мектеп-интернатында білім мемлекеттік тілде жүргізіледі. Сонымен қатар, кәсіптік мамандықтар бойынша диплом беріледі. Қосымша білім беру үшін қолөнер және дене шынықтыру үйірмелері де жұмыс жүргізеді.

Мектеп қабарғасында балалар арнайы оқытуды қажет ететін балалардың психофизикалық кемшілігін түзету, функционалдық сауаттылығынын арттырып, еңбекке баулу және қоғамдық өмірге бейімдеп келуде.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер
Редакция таңдауы