Тоқаев: АЭС құрылысына қатысты нақты шешім қабылдауымыз керек

3426
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жұмыс сапары қаржы секторының өкілдерімен кездесуден басталды. Мемлекет басшысының Алматыдағы резиденциясында өткен жиынға Президент Әкімшілігінің басшылық құрамы, мемлекеттік органдардың, ірі қаржы құрылымдары мен банктердің басшылары қатысты. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысы атом энергетикасын дамытудың өзектілігіне, соның ішінде Атом электр станциясын салу мәселесіне де тоқталды.

– Түптеп келгенде, біз бұл мәселеге қатысты нақты шешімге келеміз деп ойлаймын. Қазақстанда электр энергиясының тапшылығының алғашқы белгілері қазірдің өзінде байқалады. Әрине, электр қуатының жаппай жетіспеушілігі туындаған жоқ. Әзірге тепе-теңдік бар. Алайда алғашқы белгілері білінуде. Сондықтан болашақты ойласақ, біз атом станциясының құрылысына қатысты нақты шешім қабылдауымыз керек. Басшының міндеті де тиімді шешім қабылдау, – деді Президент.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер