Ақтөбеде теріс діни ағымын насихаттаған 2 экстремист ұсталды

2883
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысында екі экстремист ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Алматы арнасына сілтеме жасап. 

Темір ауданының тұрғындары ватсап мессенджерінде теріс діни ағымды насихаттайтын аудио мен видео таратқан. Қазіргі уақытта полицейлер күдіктілерді жауапкершілікке тарту мақсатында деструктивті материалдарға сараптама жасап, сотқа жіберді.

«2 азаматқа осы дерекке қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 453-бабы 1-тармағымен «Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін, сол сияқты өзге де өімдерді дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату» бабы бойынша 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды», – деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметкері Ерболат Сарқұлов.

Одан бөлек, Түркістан облысында да терроризмді насихаттаған ер адам ұсталды. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу арқылы белгісіз адамның тыйым салынған видеолар мен мәтіндік хабарламалар жариялағанын анықтаған. Жедел іздестіру барысында күдіктінің Арыс ауданының тұрғыны және деструктивті діни ағымның жақтаушысы екені анық болды. Бұрын сотталған екен.

«Оның үйін тінту барысында әр түрлі компьютерлік техника, тыйым салынған діни әдебиеттер, ұялы телефон мен дискілер тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр», – деді Түркістан облысы ПД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер