Алматыда ерлі-зайыптыны атып, қашып кеткен күдікті ұсталды

1147
Adyrna.kz Telegram
Фото: Полиция департаменті
Фото: Полиция департаменті

Алматыда ерлі-зайыптылардың пәтеріне кіріп, иелеріне оқ атқан 38 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, 20 желтоқсанда Алматының Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешеніне қарулы адам басып кіріп, екі адамды атып кеткен. Полицияның мәліметінше, қарақшылық шабуыл салдарынан ерлі-зайыптылар ауыр жарақат алған. Олар қазір ауруханада.

Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Шабуыл жасаған адамның кім екені анықталды. Бұл – Жетісу облысының 38 жастағы тұрғыны. Ол бір күн бұрын ұсталып, қамауға алынды.

Күдікті жақында ғана өзі барып, жаңа жиһаздарын орнатып берген ерлі-зайыптыны тонамақ болғанын мойындады. Сол кезде олардың сейфін байқап қалған. Бетін медициналық маска және шарфпен жасырып, жұма күні таңертең олардың есігінің қоңырауын басқан. Жәбірленушілерді тапаншамен қорқытып, олардан ақша беруін талап еткен. Алайда отағасы көмекке шақыра бастаған. Осы кезде күдікті ерлі-зайыптыны атып, қашып кеткен.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер