Қақаған аяз: Елімізде -25 градусқа дейін күн суытпақ

3400
Adyrna.kz Telegram

«Қазгидромет» синоптиктері 18-20 қараша аралығында Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды,деп хабаралайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл күндері Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонмен және атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, қар күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында – қалың қар жауады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ елдің солтүстік жартысында бұрқасын, екпінді жел күтіледі.

20 қарашада суық солтүстік-батыс антициклонының басып кіруімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды деп күтілуде, алайда келесі циклонның әсерінен еліміздің батысында және солтүстік-батысында қайтадан қар аралас жаңбыр жауады.

«Ауа температурасының ауытқуы Батыс Қазақстанда түнде 0 ...- 5 ° С-тан -5 ...- 10 ° С, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта -5 ...- 15 ° С-қа дейін. Оңтүстік облыстарда ауа температурасы -5 ...- 13 ° С-тан -8 ...- 16 ° С-қа дейін төмендейді, шығыста -2 .. .- 10 ° С-тан -15 ...- 25 ° C », - делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер