Әйелін 30 жерден пышақтап өлтірген: Анасы күйеу баласына өлім жазасын сұрап отыр

7936
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстанда сәуір айында орын алған 30 жастағы Айнагүл Хайруллинаны өлтіру ісі бойынша сот отырысы өтті. Оны өзінің күйеуі аса қатігездікпен өлтірген. Айнагүл Хайруллинаның анасы күйеу баласына өте қатаң жазаны сұрап отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

"Мой город" басылымының хабарлауынша, әйелін 30 жерден пышақтап өлтірген. Анасы қылмыскерді өлім жазасына кесуін сұрайды.

"Ол Айнагүл Хайруллинаны жеке меншігім деп санаған. 2021 жылы 19 сәуір күні, шамамен сағат 16:30-да пенжегінің қалтасына пышақ салған Бауыржан Хайруллин бұрынғы әйелінің жұмыс орнына келген. Қылмыстық ниетін болжап білмеген Айнагүл оның артынан шыққан.

Мекеме жанында Хайруллин көңіл толмаушылық білдіріп, қасында ешкім жоқ екенін білген соң, қалтасындағы пышақты шығарып, әйелді жарақаттай бастаған. Асқан қатігездік танытқан. Кейін әйелді жерге құлатып, пышақ жарақатын салуды жалғастырған. Айнагүл Хайруллина өмірі үшін күресіп, пышақтауды доғаруын сұраған. Алайда Хайруллин оған қарамай, әйел ешқандай белгі бермегенде ғана қылмыс орнынан қашып кеткен", - деді мемлекеттік айыптаушы Сәкен Молдашев.

Бауыржан Хайруллиннің өзі сот залында болды. Ол істі алқабилер сотының қарастырғанын қаламады. Ал марқұмның анасы Қатима Кажипанова экс-күйеу баласына ең қатаң жаза сұрап отыр.

"Оның өлім жазасына кесілгенін қалар едім. Өкінішке қарай, бізде ондай жаза жоқ. Сондықтан да соттан оны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраймын. Екі кішкентай бала анасыз қалды", - деп түсіндірді әйел.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер