Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі 5 жылға бас бостандығынан айырылды

1071
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/9840f4f3-7e4d-44d3-9f7b-421a8ad50e77-960x500.jpeg?token=3aa7d7212b2407723aa571a85f29d33f

Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Кажымұханұлы аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, 5 жылға сотталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде кәмелетке толмаған балаларының болуы, кінәсін мойындауы және шын ниетпен өкінуі

ескерілді», – деп хабарлады сот.

Іс материалдарына қарасақ, Ұлытау облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының бас есепшісі қызына тағылған «есірткіні сату үшін сақтау» айыбын жеңілдету үшін Қажымұқанұлына 50 мың доллар берген. 

Толық мәліметтер әзірге жарияланбады.

Комментарии