Дәрігерлерге пранк: полиция Вайнердің әрекетін тексеру үстінде

2519
Adyrna.kz Telegram

Алматыда полицейлер вайнер, блогер Мейіржан Туребаевтың медицина қызметкерлеріне жасаған пранк-видеосын тексеріп жатыр. Осыған қатысты қалалық прокуратура ресми сауалға жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қадағалау органының хабарлауынша, блогер Туребаевтың әрекетіне құқықтық баға кейінірек беріледі.

"Түсірілген видео фактісі бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, полиция департаментіне шағымданды. ПД хабарлауынша, қазір тексеру жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі. Тексерудің түпкілікті қорытындысы туралы ақпарат алу үшін полицияға хабарласуыңызға болады», - деп жауап берді Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары Берік Адамов.

Шағым түскелі бері тура үш апта өтсе де, полицейлер Туребаевтың әрекетін әлі шешіп, оған құқықтық баға бере алмай отыр.

Еске салайық, 19 қазан күні вайнер Мейіржан Туребаев әлеуметтік желіде дәрігерлерді алдаған болатын. Вакцинадан соң оның қолы өздігінен жұмылып қалғанын көрсетіп, дәрігерлерді таңғалған күйде қалдырады. Дәрігерлер вайнердің жұмулы күйге түскен қолдарын тексеріп, қарай бастайды. Олар оған қол массажын жасап, көмек көрсетеді. Видео соңында Төребаев дәрігерлерге мұның әзіл екенін айтып күледі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Turebayev Meirzhan 🇰🇿🇷🇺 (@meirzhach_tv)

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер