Ағымдағы жылдың 17-24 қарашасы аралығында Өзбекстанның оңтүстігіндегі, Ауғанстанмен шекаралас Термез аудандық полигонында қазақ-өзбек бірлескен оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Бірлескен маневрлердің мақсаты – бірлескен міндеттерді шешу барысында бауырлас екі мемлекеттің қарулы күштерінің үйлесімділігі мен өзара іс-қимыл деңгейін арттыру.
Оқу-жаттығуға Қазақстан тарапынан 100-ден астам әскери қызметші қатысады, көпфункционалды Су-30СМ жойғыштары, С-295 әскери-көлік ұшақтары, тактикалық ұшқышсыз ұшу аппараттары қатысады.
Қазақстандық бөлімшелердің жауынгерлік даярлығының міндеттеріне іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу, қарсыластың алдыңғы қатарлы жасақтарын жою, шабуылға тойтарыс беру және заңсыз қарулы құралымдарды кейіннен жою, жаралылар мен жарамсыздарды эвакуациялау кезіндегі жауынгерлік қарауыл бөлімшелерінің іс-қимылдарын жаттықтыру кіреді.
"Адырна" ұлттық порталы