Белгілі қазақстандық қаржыгер Дәулет Сембаев қайтыс болды

872

Белгілі қазақстандық қаржыгер Дәулет Сембаев 87 жасына қараған шағында қайтыс болды. Қаралы хабарды мәжіліс депутаты Айдос Сарым жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Дәулет Хамитұлы Сембаев дүниеден озыпты... Ғаламат адам, ғаламат азамат еді..., - деп жазды Сарым Facebook парақшасында.

Дәулет Сембаев 1935 жылы 10 тамызда дүниеге келген.

1991-1993 жылдары Қазақстан премьер-министрінің орынбасары және бірінші орынбасары болды.

1993-1996 жылдары Ұлттық банкті басқарды.

1996-1997 жылдары Сенат депутаты болды.

Әр жылдары Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығын басқарды, 2005 жылдан бастап Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің құрметті төрағасы болды.

Айта кетейік, 15 қараша Қаржыгерлер күні және төл теңгеміздің айналымға енген күні. Дәулет Сембаев Қазақстанның ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамында болды.

"Адырна"  ұжымы  марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы