Мысырда шаяндар тұрғындарға шабуыл жасауда

3393
Adyrna.kz Telegram

Мысырда толассыз жаңбыр салдарынан баспаналарынан шыққан шаяндар 400-ден астам адамды шағып алған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ВВС-ге сілтеме жасап.

Елдің оңтүстігінде орналасқан Асуан қаласында бұршақ аралас жаңбыр жауған. Жаңбыр шайып, шаяндардың індерін су басқан, ал жәндіктер жауыннан қала үйлерінен пана іздей бастаған.

Қазір Асуан көшелерінде нағыз шаяндардың шабуылы жүріп жатыр, олар көшелермен жорғалап, ағаштардан адамдардың үстіне құлауда .

Мысыр денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, шаяндар кем дегенде 450 адамды шағып алған. Бірқатар мысырлық БАҚ қайтыс болғандар туралы хабарлады, бірақ бұл ақпарат ресми расталған жоқ.

Осы жағдайға байланысты дәрігерлер шаян шағып алған науқастарға көмек көрсету үшін тұрғындарды екпе алушылар тізімінен алып тастады.

Мысырдың оңтүстігіндегі медициналық орталықтар, соның ішінде шалғай ауылдардағы медициналық пункттер тұрғындарға шаянның уына қарсы  дозалар беріп жатыр. Сондай-ақ тұрғындарды үйлерінен шықпауға және ағаштардан аулақ жүруге шақыруда.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер