Ауа райы болжамы: қар жауып, көктайғақ болады

2328
Adyrna.kz Telegram

Cиноптиктер ертең, 15 қараша күнгі еліміздегі ауа райына қатысты болжам жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

"Қазақстан аумағы арқылы өтетін солтүстік-батыс циклон ықпалымен солтүстік аймақта қар түсіп, оңтүстікте жаңбыр жауады. Еліміздің көптеген бөлігінде жел күшейіп, солтүстікте – жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіліп отыр, - делінген синоптиктер хабарламасында.

Аймақтарға тоқталсақ, ертең Ақмола облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғуы күтілуде. Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болып, жел 15 м/с дейін күшейеді. Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Ал Түркістан облысының солтүстігінде, батысында таулы аймақтарда жел 15-20 м/с дейін күшейіп, түнде жел екпіні 23 м/с дейін жетеді, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі.

-Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын, ал батысында – жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігі, шығысы және орталығында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын күтілуде. Жел екпіні секундына 15-20 м/с дейін жетеді. Жамбыл облысының оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және таулы айдандарында жел 15-20 м/с дейін артады, түнде екпіні 23-28, кей кезде 30 м/с және одан да жоғары болады. Түнде және таңертең оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және таулы аудандарда тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстігінде таңертең және күндіз көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының батыс, солтүстік-шығысында, Атырау облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Ал Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, ал солтүстік, оңтүстік және шығысында желдің 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал, күндіз жел екпіні 25 м/с дейін жетеді.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер