Бағаны "әдейі" өсірген 7 құс фабрикасына қатысты тергеу басталды

1871
Adyrna.kz Telegram

Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

-Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы өсу индексі 0,0% құрады", -деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Қабылданған шаралар есебінен екінші апта қатарынан картоп (-0,4%), пияз (-1,3%) және сәбіз (-2%) бағасының төмендеуі байқалады. Бір апта ішінде қырыққабат бағасының өсу қарқыны 0,1%-ға дейін төмендеді.

Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баға белгілеу бойынша бәсекелестікке қарсы сөз байласқан іс-әрекеттер белгілері бойынша Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында тауық жұмыртқасын өткізуді жүзеге асыратын 7 құс фабрикасына қатысты тергеуді бастады.

Тауық жұмыртқасы, құс еті және қант нарығы субъектілеріне бағалық сөз байласу белгілерінің болуына және түрлі бағаларды қолдануына қатысты 12 хабарлама жіберілді.

Премьер-министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету, сондай-ақ инфляцияның жалпы деңгейін 8,5% шегінде ұстап тұру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер