ШЫМКЕНТ: «АНАҒА ХАТ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

2576
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорының қолдауымен «Анаға хат» шығармашылық байқауы өткізілуде.

Жобаның мақсаты – ана мен баланың арасындағы махаббаттың өлшемін дәріптеп, негізін насихаттау, баланың анасына деген айтып жеткізе алмайтын алғысын көрсету, алшақтықты жақындату, сағыну, ата-анасы алдындағы парызын терең сезіне білуі арқылы ұрпақ тәрбиесін ұлықтау т.б. жүректен шыққан сезімін ақ қағазға түсіріп ойымен бөлісу болып табылады.

Байқау шартты бойынша, белгіленген электронды поштаға келіп түскен шығарма хаттарын қазылар алқасы талқылап, осы айдың ішінде жеңімпаздарды анықтау үшін отырыс ұйымдастырылатын болады.

Айта кетейік, байқау нәтижесі бойынша жүзден жүйрік атанған жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтетін болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер