41 үйдің ауласы абаттандырылды

2004
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Сайрам көшесінің бойында орналасқан №165 көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру нысаны және балалар ойын алаңшасы ашылды.

Ашылу салтанатына «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалының «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау» мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Шунгараева Гүлайым Әскерқызы, Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жайшыбеков Зұлпыхар Сарсенбайұлы қатысып, тұрғындарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекесімен құттықтады.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Еңбекші ауданында 2021 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында көпқабатты 41 үйдің аулалары абаттандырылып, балалар ойын алаңшалары жаңалануда.

Бүгінгі таңда 24 үйдің ауласында абаттандыру жұмыстары аяқталып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды.

Одан бөлек, жыл соңына дейін 17 көпқабатты үйлердің ауласындағы абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер