Олар заңға бағынуы керек – Бас прокуратура ресейлік нөмірлі көліктерге қатысты пікір айтты

3056
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік нөмірлі көлігі бар қазақстандықтар оны тіркеуі керек, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы Мәжіліс отырысында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев айтты.

Ол азаматтардың заңға бағыну керектігін атап өтті.

Бұл шетелдік есептегі көліктер, бұл қазақстандық машиналар емес. Заң бұзушылықтары бар, айдап әкетулер бар, есепке алмағандары бар – тек нөмірлерін іліп қойған. Олар есепте жоқ. Бұл меншік иелері тарапынан заңсыз іс. Бұл машиналарды пайдаланатындар заңға бағынуы керек, деді Шындалиев.

Бас Прокурордың орынбасары: «Біз өз заңдарымызды құрметтеуіміз керек», - деді.

Біз заңға көлікті тіркеуден өткізу керек деп жазғанбыз. Бұл өз қауіпсіздігіңізді, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Азамат көлікті тіркеуі керек, деп қорытындылады шенеунік.
Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда ресейлік нөмірмен 80 мың көлік тіркелмегенін айтқан болатын.

Ол осы көліктерді сатып алу-сату шарты бойынша сатып алатын қазақстандықтар 10 күн ішінде Қазақстанда тіркеуден өтуі керектігін атап өтті. Бұл салық төлеу, техникалық байқаудан өткені туралы ақпарат алу үшін жасалады.

Оқи отырыңыз: Ресейлік нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі: Басымды кесіп алса да бермеймін, машинамның алдында өлемін (ВИДЕО)

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер