Энергетикалық сусынның кесірінен Токио Олимпиадасының жеңімпазы марапатынан айырылды

1090

Норвегиялық спортшы, ескек есуден екі дүркін әлем чемпионы Кьетил Борш жарнама ережелерін бұзғаны үшін Италияда өткен әлем чемпионатындағы жеңісінен айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Олимпиада жүлдегері Борш марапаттау рәсімінде атақты энергетикалық сусынның банкасымен тұғырға көтерлген болатын, деп хабарлайды Inside the Games. Оған қоса, Дүниежүзілік ескек есу федерациясы норвегиялыққа 2500 еуро көлемінде айыппұл салды.

Айта кетейік, бұл оқиға жарты жыл бұрын әлем чемпионатының кезеңінде орын алған, бірақ ескекші Токиодағы Олимпиада ойындарына қатысса да, енді ғана жазаланды.

Бұл спортшының ережені бірінші рет бұзуы емес. Ол қазірдің өзінде ескертулер алып, марапаттауларда энергетиктердің құтыларымен көрінді. Үшіншіден кейін спорт қызметкерлері жасалаудың нақты шараларына көшті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар